Тапсырыс берушілер жабдықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және қызмет ету мерзімін ұзарту үшін «MunaiGasEngineering» ЖШС-де сервистік бөлім құрылды.
Сервистік бөлім қызметтерінің ауқымы:
·Зертханалық жабдықтар мен ағындық талдағыштарды іске қосу-баптау, тапсырыс берушінің өндірісінде тікелей пайдалануға беру;
·Тапсырыс берушінің жеке талаптары бойынша тапсырыстарды орындау;
·Тапсырыс беруші қызметкерлерін сатып алынған жабдықпен жұмыс істеудің негізгі техникалық дағдыларына оқыту;
·Компанияның кепілдік міндеттемелерін орындау;
·Жабдықтың техникалық күйін диагностикалау және одан әрі пайдалану жөнінде ұсынымдар беру;
·Жабдықтарды жаңғырту;
·Бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату, жаңарту және конфигурациялау;
·Жоспарлы / жоспардан тыс профилактикалық техникалық қызмет көрсету;
·Сервистік қызмет көрсету және жөндеу;
·Пайдаланушыларды қашықтан қолдау.
Жоғары білікті және құзыретті сервистік инженерлер командасы біз қызмет көрсететін жабдықтардың өндіруші зауыттарында тұрақты түрде оқудан өтеді.
Біз әртүрлі брендтердің зертханалық жабдықтарын өндіретін әлемдік компаниялармен ынтымақтасамыз:
1. «Сибспецпроект» ҒӨК ЖШҚ (асқын кернеуден қорғау құрылғылары);
2. «Уфахимпроект» ӨБ ЖШҚ (химиялық реагенттер);
3. «Вибротехник» ЖШҚ (тау жыныстарын ұнтақтау құрылғылары);
4. «Метахром» ЖШҚ (газ хроматографтары);
5. «Годсэндсервис» ҒӨК ЖШҚ (бақылау-өлшеу аспаптары);
6. «Кранов» ЖШҚ (жүк көтергіш жабдықтар);
7. «Преус» КТ ЖШҚ (жоғары қысымды аппараттар);
8. Riken Keiki (бақылау-өлшеу аспаптары);
Мұнай-газ кен орындарының химиялық зертханаларын метрологиялық қамтамасыз ету, химиялық реактивтермен, керек-жарақтармен, зертханалық жиһазбен және жабдықтың қосалқы бөлшектерімен жабдықтау.
Компания құндылықтарын басшылыққа ала отырып, «MunaiGasEngineering» ЖШС сервистік бөлімінің мамандары тапсырыс берушінің әртүрлі міндеттерін мінсіз орындайды.
«MunaiGasEngineering» ЖШС-мен ынтымақтастықтың оң тәжірибесі сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұсыным хаттармен расталады.
Біздің мақсатымыз — зертханалық, аналитикалық, ағындық жабдықтар мен өлшем құралдарын орнату, іске қосу-баптау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша клиенттеріміздің таңдаулы мердігеріне айналу, қызметкерлеріміздің кәсібилігі мен құзыреттілігі арқылы компанияның нарықтағы орнын және беделін нығайту.
Компаниямыздың жабдыққа сервистік қолдау және қызмет көрсету бойынша 7 жылдық тәжірибесі бар:
Клиенттер: жоғары қызмет көрсету стандарттары, клиенттермен жұмысты және байланысты жеңілдету, қойылған міндеттерді ұтымды әрі оңтайлы шешу;
Қызметкерлер: қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіби және жеке өсуді ынталандыру және қолдау, жұмысты оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарға көңіл бөлу;
Этика және жауапкершілік: корпоративтік мәдениет пен кәсіби этиканы дамыту, салық төлеу арқылы қоғамға пайда келтіру, қоғам мен қоршаған орта үшін жұмыстардың сапасы мен қауіпсіздігі;
Даму ресурстарына оларды пайдаланудың тәуекелдері мен мүмкіндіктерін ескере отырып ұтымды қарау;
Компанияның қаржылық тұрақтылығы.






Компаниямыз мына серіктестерге қызмет көрсетті:
![]() | ![]() | ![]() | ![]() |
![]() | ![]() | ![]() | ![]() |
![]() | ![]() | ![]() | ![]() |
Өтініште не көрсету керек
Жабдықтың түрі мен моделін, ақаудың сипатын немесе қажетті жұмыстарды көрсетіңіз. Сериялық нөмірі мен техникалық құжаттамасы болса, өтініште хабарлаңыз.
Нысанға өту











